Мадридте Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындылары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мадрид, 2026 жылғы 26 наурыз – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Конгресі депутаттарының мүшесі Мария Лус Мартинеспен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар қазақ-испан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бағытта және көпжақты алаңдар аясында парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын талқылады.

Елші жақында қабылданған Конституцияның негізгі қағидаттарын таныстырып, жаңартылған Негізгі заң елдің Тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.

Испандық депутат өз кезегінде жүзеге асырылған өзгерістерге оң баға беріп, олардың институционалдық негіздерді дамыту мен елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызын айқындады.

Сондай-ақ ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ дипломаты еліміздің білім және ғылым саласындағы өңірлік орталық ретіндегі әлеуетіне тоқталды. Тараптар академиялық алмасуларды кеңейтуге және жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамытуға өзара қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты диалогты қолдау және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы шеңберінде өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1188048?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version