Мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина әлем чемпионатының еркін бағдарламасына жолдама алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер қысқа бағдарламада сынға түсіп, үздік 24 спортшы шешуші еркін бағдарламаға өтті.

Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр.

Софья қысқа бағдарламасында 66.95 ұпай жинады. Ол бұған дейін Милан Олимпиадасына қатысып, ТОП-10-ға кірген болатын.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (33 қатысушы):

1-орын.Каори Сакамото (Жапония) – 79.31 ұпай

2-орын. Моне Чибэ (Жапония) – 78.45 ұпай

3. Эмбер Гленн (АҚШ) – 72.65 ұпай

12-орын. Софья Самоделкина – 66.95 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 27 наурыз күні өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Софья Самоделкина былтыр АҚШ-тағы жаһандық додада 14-орынға тұрақтаған еді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1188028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version