МӘС №1 бөлімінде Қонаев қаласы мен Іле ауданының ДКК төрағаларының қатысуымен МӘС әдістеме және бақылау бөлімінің көшпелі отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19–20 наурыз күндері МӘС №1 бөлімінде Қонаев қаласы мен Іле ауданының ДКК төрағаларының қатысуымен МӘС әдістеме және бақылау бөлімінің көшпелі отырысы өтті.
Төрағалық еткен: Алматы облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Ботабекова Г.Ж.
  Отырыста қаралған негізгі мәселелер:
* сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
* 2026 жылдың 2 айы бойынша 031/у нысанымен негізсіз жолданған науқастарға талдау
* 2026 жылдың 2 айы бойынша медико-әлеуметтік сараптама (МӘС), мүгедектік топтарын белгілеу және ИПАР әзірлеу бойынша талдау
* 031/у нысанын сырттай-проактивті куәландыруға сапалы рәсімдеу
   Отырыс барысында МӘС-ке жолдау мәселелері талқыланып, дәрігерлердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар 031/у нысанын сапалы толтыруға ерекше назар аударылды.
    Медицина-әлеуметтік сараптаманы жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар (29 маусым 2023 жыл №260 бұйрық) қарастырылды.

 Атқарылған жұмыстар қызмет сапасын арттыруға және МӘС жүйесін жетілдіруге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1187949?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version