🖇️Маңғыстау облысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында маңызды қадам жасалды.
📍Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Каримов және Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілі Д.Байқожаев әкімшілік айыппұлдарды және сот шешімдері бойынша өндірілетін қаражаттарды орындау мен өндіру мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
✏️Аталған меморандумның негізгі мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды, сот шешімдері негізінде өндірілетін қаражаттарды және өзге де міндетті төлемдерді уақтылы әрі толық көлемде өндіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бағытта тараптардың өзара іс-қимыл жасау тетіктерін айқындау болып табылады.
Меморандум Маңғыстау облысы Әділет департаменті басшысының бастамасымен әзірленіп, қабылданды. Бұл бастама атқарушылық құжаттардың сапалы және мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге, сот актілерінің орындалу деңгейін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
📍Сонымен қатар, аталған құжат мемлекеттік органдар мен атқарушылық іс жүргізу жүйесі субъектілерінің тиімді әріптестігін дамытуға, ақпарат алмасуды жетілдіруге және өндіріп алу рәсімдерінің ашықтығы мен нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Меморандум аясында алдағы уақытта бірлескен жұмыс кездесулерін өткізу, тәжірибе алмасу, проблемалық мәселелерді талқылау, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар мен сот шешімдері бойынша қаражаттарды өндіріп алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған қосымша ұйымдастырушылық және практикалық шараларды іске асыру жоспарланып отыр.
🔍Осылайша, қабылданған меморандум өңірде заң үстемдігін қамтамасыз етуге, сот шешімдерінің тиімді орындалуына және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы мемлекеттік органдардың өзара үйлесімді жұмысын нығайтуға ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1187990?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау