Маңғыстау облысында «Қауіпсіз үй» рейдтік іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің №44-10-53-ВН санды нұсқауына сәйкес, аудан аумағында аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е. Бегниязовтың қатысуымен «Қауіпсіз үй» рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылуда.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғын үйлерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Аудан тұрғындарына төмендегілерді сақтау ұсынылады:

  • Тұрғын үйлердің қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау;
  • Бөгде адамдарға есік ашпау;
  • Күмәнді жағдайлар орын алған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарлау;
  • Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Аудан тұрғындарын аталған іс-шараға белсенді қатысуға және құқықтық тәртіпті сақтауға шақырамыз.

https://www.instagram.com/reel/DWYOQMTjUQB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1189030?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version