Маңғыстау полициясы ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мектеп оқушыларының демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді.

Ата-аналардан балалардың қайда жүргенін, кімдермен араласатынын бақылауда ұстау, кешкі және түнгі уақытта қараусыз қалмауын қамтамасыз ету сұралады.

Балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, сондай-ақ қауіпті орындарға — құрылыстарға, су айдындарына және қараусыз ғимараттарға бармау туралы түсіндіру қажет. Қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру де маңызды.

Полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға шақырады. Спортпен шұғылдану, кітап оқу және отбасымен бірге уақыт өткізу сияқты пайдалы істерге бағыттау — олардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалуына ықпал етеді.

Балалардың қауіпсіздігі — ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі екенін ұмытпайық.

https://www.instagram.com/reel/DWYyPL4DCKb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1188934?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version