Медициналық тексеруден өтудің маңызы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу — еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның негізгі мақсаты — жұмысшылардың денсаулығын сақтау, кәсіби аурулардың алдын алу және өндірістік жарақаттануды төмендету.

Медициналық тексерістен өту арқылы аурудың алдын алуға  болады. Медициналық тексеріс құқықтық тұрғыдан да міндетті болып табылады, бұл анықтамасыз  оқуға да, жұмысқа да қабылдамайды, кей жағдайларда шет елге баруға да тыйым салынады. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07  шілдегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» №360-VI Кодексіне сәйкес, азаматтар медициналық тексерістен өтуге міндетті. Медициналық қарап-тексерудің негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіптік аурулардың, уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады. 

Сонымен қатар, медициналық тексерулер кәсіпорында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Қызметкерлерге аурулардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және салауатты өмір салтын ұстану бойынша ұсыныстар беріледі. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттырып, кадр тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Медициналық тексерулердің құқықтық маңызы да жоғары. Олар заңнамаға сәйкес міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының  стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика  бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметі (30.12.2025ж шығыс 10-01-12/1719) бойынша, облыста 01.10.2025 жылға жалпы жұмыс істейтін 186327 адам құрады.  Зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында эпидемиялық маңызы жоғары объектілерде 19376 жұмысшы жұмыс істейді, оның ішінде 2615 әйел, өнеркәсіптік бейіндегі 21392 жұмысшы кәсіпорынның медициналық қарауына жатады, 20917 адам қаралды, бұл 97,7% құрайды (2024ж. – 96,8%).

№ ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес, әйелдерді 4625 адам медициналық тексеруден өткізді, 4472 адам қаралды, бұл 96,7% құрайды (2024ж-96,5%).

2025 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында кәсіптік аурулардың (уланудың) 3 жағдайы тіркелді (2024 жылы – 8).  Кәсіптік аурулардың 1 жағдайы- «ЖЖФЗ» ЖШС, 1 жағдайы – «ЖЗМК – Имсталькон» ЖШС  және 1 жағдай – Мойынқұм ауданындағы «Алтыналмас АҚ»  тіркелді.

Аудандық басқармаларда Қазақстан Республика Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021жылғы №ҚР ДСМ-84 бұйрығы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» кәсіби ауруды (улануларды) есепке алу картасының нысанында жүргізіледі.

Қорытындылай келе, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы медициналық тексерулер еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олар қызметкерлердің денсаулығын қорғауға, өндіріс тиімділігін арттыруға және заң талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1188574?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version