Өңірде көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтауға және заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған «Мигрант» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Көбінесе құқық бұзушылықтар қоғамдық тәртіпке қатысты болды.
Тыныштықты бұзған 23 адам анықталды, ұсақ бұзақылық үшін — 1 адам. Сондай-ақ абаттандыру қағидаларын бұзу және отбасылық-тұрмыстық жанжалдар фактілері анықталды. 4 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.
Ерекше назар алкогольдік мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға аударылды. Сауда орындарында алкоголь өнімдерін сату кезінде бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар полиция профилактикалық есепте тұрған 190 адамды тексерді.
Жасөспірімдермен де жеке жұмыс жүргізілді. 13 құқық бұзушылық анықталды, олардың басым бөлігі — кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруі. Төрт жасөспірім Бейімдеу орталығына орналастырылды.
Іс-шара барысында 14 топ құрылып, еңбек қызметіне рұқсаты жоқ шетел азаматтарының болуы мүмкіндігін анықтау мақсатында тексерілуге жататын 54 нысан бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, азаматтық қару иелері сақтау ережелерін сақтау бойынша тексерілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1187406?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау