Минск, 2026 жылғы 22 наурыз – Республикалық ұлттық мәдениеттер орталығының (РҰМО) концерт залында Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің қолдауымен «Достар» қазақтардың мәдени-ағарту ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Наурыз» мерекесі өтті.
Іс-шараға қазақ диаспорасының өкілдері және Беларусьте тұратын отандастар, Беларусь Республикасының оқу орындарында оқитын Қазақстан студенттері және т.б. шақырылды.
Мереке қонақтарына концерттік бағдарлама ұсынылып, «Беташар» дәстүрлі қазақ үйлену рәсімі – қалыңдықтың күйеуінің туыстарымен танысуы және оның жаңа отбасына ресми қабылдануы көрсетілді.
Қонақтарға ұлттық қазақ тағамдары, жент, палау, бауырсақ және мерекенің басты сусыны «Наурыз-көже» ұсынылды.
«Достар» ҚБ Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігіне және Қазақстанның Минск және Витебск облыстарындағы Құрметті Консулы Д.А. Егоровқа іс-шараны ұйымдастыруға қатысқаны және баға жетпес көмегі үшін ерекше алғысын білдірді.
«Достар» қазақтардың мәдени-ағарту ұйымы» қоғамдық бірлестігі 2025 жылғы 7 тамызда құрылды, Төрағасы – Лысенко Марианна Сәуленбекқызы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1188033?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау