НҰРҒА БӨЛЕ, ӘЗ – НАУРЫЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 наурыз күні Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен Жанкент ауылдық мәдениет Үйі жанындағы “Адал адам” мәдени – тәрбие орталығының “Креативті хаб” жобасы аясында

22 наурыз мерекесіне арналған

“Нұрға бөле, Әз – Наурыз” атты ауыл тұрғындарымен бірлескен мерекелік концерттік кеш болып өтті.

Мерекелік кешті Өркендеу ауылдық округінің әкімі Қуанғали Қожахмет Мүбәракұлы, Қазалы ауданының қаржы және Экономика бөлім басшысы Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы және Қазалы ауданының мәслихат депутаты

Әбілов Күншығар Әбілұлы ашып, аудан әкімі атынан алғыстарын білдіріп, бір қатар еңбек ардагерлеріне марапат табыс етті.

Мерекелік кеш концерттік бағдарлама ұласып, кеш аясында кәсіпорын жанынан

құрылған “Жанкент” фолькорлық ансамблі, Халық әні “Күміс құман-ай” әнін орындаса, ауылымыздың өнерпаздары ✓104 орта мектебінің ұстаздары Дабылов Едіге, Бигелдинова Гүлнұр “Жолыққан қандай жақсы”,

“Арқаның аруы” әнін, кәсіпорын қызметкері Жеткербаева Айткүл “Наурыз амалы” әнін орындаса, кәсіпорын қызметкерлері “Босаға майлау” дәстүрінен көрініс ұсынса, кәсіпорын директоры “Наурыз тойы” атты арнау өлеңін термесін ұсынып, кешті думанға бөледі. Кеште “Қызғалтақ” тобы “Беу айдай” әнін орындап кештің көркін кіргізді. Топ жетекшісі ✓104 орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Бөлекбаева Жадыра Көмекбайқызына алғыс білдіреміз.

Мерекелік кеште түрлі спорттық сайыстар өткізіліп, ауыл тұрғындарына ақ дастархан дәм ұсынылып, Наурыз көже асы дәстүр бойынша тарту етілді. Ауыл ақсақалдары мен әжелері ақ батасын беріп тарқасты.

#Қазалы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-orkendeu/press/news/details/1188235?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version