Dala Carbon Forum 2026 форумы аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ елшісі Алешка Симкич пен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Салли Аксуорсиімен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Өңір делегациясы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы презентациясын ұсынды, негізгі бағыттардағы – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, транспорттық логистика және «жасыл» энергетикадағы инвестициялық әлеуетін атап көрсетті.
«Қазіргі таңда әртүрлі елдерден түскен тікелей инвестициялар шамамен 4 трлн теңгені құрайды. Біз инвесторларға инновациялық технологияларды енгізу, ашықтық және халықаралық стандарттарға сәйкестік жағынан жоғары талаптар қоямыз. Біз әрдайым инвесторларға ашықпыз, ал Aqmola Invest штабы барлық инвестициялық жобаларды қадағалайды», – деді облыс әкімі.
Презентацияда облыстың туризм саласындағы мүмкіндіктері де көрсетілді, бұл шетелдік өкілдердің қызығушылығын тудырды. Салли Аксуорси бірнеше британдық компаниялар өңірге қызығушылық танытып отырғанын атап өтті және облыстың туристік әлеуеті еуропалық азаматтар үшін тартымды бағытқа айнала алатынын айтты.
Кездесудің соңында тараптар Ақмола облысының инвестициялық әлеуеті мен болашақтағы ынтымақтастық жолдары туралы пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1188943?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау