Облыстық көпсалалы клиника барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық көпсалалы клиника барлық ниет білдірушілерді онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған Ашық есік күніне шақырады.

Осы күні білікті мамандардан тегін кеңес алып, қарала аласыздар, атап айтқанда:

Кеңес беретін мамандар:
* онкогинеколог
* онкохирург
* онкоуролог

Диагностика:
* УЗИ
* КТ
* ФГДС
* колоноскопия
* кольпоскопия.

Ерте кезден диагностика жасау — нәтижелі емдеудің кілті. Өзіңіз бен жақындарыңызға қамқорлықты кейінге ақалдырмаңыз.

Пациенттерге кеңес беру 28 наурызда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін. Мекенжайы: Талдықорған қ., Абай көшесі, 316.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1188537?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version