Өскеменде жалған тіркеу нөмірлерін таққан жүргізуші анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскеменде жалған тіркеу нөмірлерін таққан жүргізуші анықталды

Өскемен қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында күдік тудырған автокөлікті тоқтатқан.

Оқиға Жібек жолы көшесінде орын алған. Тәртіп сақшыларының назарын мемлекеттік тіркеу нөмірінің бір бөлігі скотчпен жапсырылған Changan маркалы автокөлігі аудартқан. Анықталған заң бұзушылық белгілеріне байланысты көлік құралы тексеру жүргізу үшін тоқтатылған.

Тексеру нәтижесінде 25 жастағы жүргізушінің автокөлікті көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу белгілерімен басқарғаны анықталды.

Белгілі болғандай, мемлекеттік нөмір бұған дейін жүргізушінің өзіне тиесілі Toyota маркалы автокөлігінен шешіп алынған. Жүргізушінің түсіндіруінше, ол бұл нөмірді көлікті автосалоннан автожуу орнына дейін айдап бару үшін пайдаланған.

Changan автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабының екі бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды.


ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1188708?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version