Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың жауапкершілігі. Сол себепті төмендегі ережелерді қатаң ұстануыңызды сұраймыз: 1. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз. Тек рұқсат етілген, қауіпсіз орындарда шомылуға мүмкіндік беріңіз. 2. Балаңызға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз: жалғыз жүзбеу, тексерілмеген жерлерде секіруге тыйым салу, қауіпті ойындардан аулақ болу. 3. Шомылу кезінде балаға үрлемелі кеудешелер мен басқа да құтқару құралдарын пайдаланыңыз. 4. Баланың суда болуы тек ересектердің бақылауымен жүзеге асуы тиіс. 5. Үлкендерге еліктейтінін ұмытпаңыз: өзіңіз де қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Қауіпсіздікке мұқият болу – баланың өмірін қорғаудың ең сенімді жолы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1188075?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау