«Оқытудың цифрлық трансформациясы: бастауыш мектептегі жасанды интеллектің рөлі» тақырыбындағы секциялық отырысы
📚2026 жылғы 26 наурызда білім бөлімінің жоспары бойынша іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Оқытудың цифрлық трансформациясы: бастауыш мектептегі жасанды интеллектің рөлі» тақырыбында секциялық отырысы өтті.
📌Аталмыш іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.
👩💻Отырыс барысында теориялық мәселелермен қатар, сабақта жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды қолданудың практикалық мысалдары қарастырылды. Педагогтер оқытуды қызықты әрі тиімді етуге көмектесетін жасанды интеллекттің заманауи ресурстары мен мүмкіндіктерімен танысты.
📌Іс-шара кәсіби пікір алмасу атмосферасында өтіп, қатысушыларды өз жұмыстарына жаңа идеяларды енгізіп, әрі қарай дамытуға ынталандырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1188833?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау