Павлодар оқушылары Өскемен төрінде спортта жеңіс тұғырынан көрінді
2026 жылғы наурыз айында аралығында Өскемен қаласында шаңғыдағы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ақ қар жамылған алаңда еліміздің 7 өңірінен жиналған спортшылар ептілік пен төзімділіктің нағыз сынын көрсетті.
Бұл додада Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығының «Вертикаль» командасының 8 спортшысы Павлодар облысының намысын қорғап, өздерінің жоғары дайындықтарын дәлелдеді.
Қар үстінде карта мен компасты серік еткен жас спортшылар әр қашықтықта шеберлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.
Жеңіс тұғырынан көрінгендер:
- Дарья Виткова — эстафетада 1 орын, спринтте 2 орын, орта қашықтықта 3 орын
- Милана Колесникова — спринт пен ұзақ қашықтықта екі дүркін чемпион.
Бұл тек медаль ғана емес — бұл тынымсыз еңбектің, табандылық пен сенімнің жемісі.
– «Бұл жарыс мен үшін оңай болған жоқ — қарсыластар мықты, қашықтықтар өте күрделі болды. Өз нәтижеме қуаныштымын. Жаттықтырушыма және командама үлкен рақмет, олардың қолдауы мен үшін өте маңызды, – дейді Милана Колесникова.
Өскемендегі бұл жарыс «Вертикаль» командасы үшін тек бәсеке емес, жаңа белестерге бастар үлкен тәжірибе болды. Жеңіс жолы — әрқашан еңбек пен сенімнен басталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1188667?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау