Павлодарлық жас туристер чемпион атанды
2026 жылғы 21–24 наурыз аралығында Астана қаласында спелеотуризм бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасанды рельефте) өтті.
Бұл додада Павлодар өңірінің намысын Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығының «Павлодар» құрамасы («Вершина» және «Пирамида» туристік клубтары) абыроймен қорғады.
Команда екі жас санатында өнер көрсетіп, нағыз шеберлік пен төзімділіктің үлгісін танытты.
Жас спортшыларымыз үш бағыт бойынша бақ сынасты: «Жеке», «Құтқару жұмыстары» және «Командалық» қашықтықтар. Әр кезең – батылдық пен дәлдікті талап ететін күрделі сын болды.
«Юниорлар» санаты:
- «Жеке» қашықтық:
🥇 Булатова Азиза
🥈 Ридзаускайте Валерия
🥉 Вишенкова Анна, Фисак Даниил
- Командалық нәтиже («Жеке») – 🥇 1-орын
- «Құтқару жұмыстары» – 🥉 3-орын
- «Командалық» – 🥉 3-орын
- Жалпы есеп – 🥈 2-орын
«Жасөспірімдер» санаты:
- «Жеке» қашықтық:
🥇 Ерофеева Виктория
🥈 Чубенко Мария
🥉 Ерофеева Алёна, Бартель Давид
- Командалық нәтиже («Жеке») – 🥈 2-орын
- «Құтқару жұмыстары» – 🥉 3-орын
- «Командалық» – 🥇 1-орын
- Жалпы есеп – 🥈 2-орын
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстанның спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясының грамоталарымен, ал командалар медальдармен марапатталды.
Сондай-ақ, жетекшілер Агалаков С.Н. және Ридзаускас В.Ю. төрешілік қызметі үшін Халықаралық спорттық туризм федерациясының алғыс хаттарымен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының сертификаттарымен марапатталды.
Ал жетекші Ридзаускене И.В. университет сертификаты мен арнайы сыйлықтарға ие болды.
Бұл жеңістер – тек нәтиже емес, бұл бірлік, табандылық және биік мақсатқа деген сенімнің жемісі. Павлодарлық жас туристер тағы да ел мерейін үстем етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1188679?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау