«Демалыс» іс-шарасы барысында 102 жедел желісіне хабарласып, полиция көмегіне жүгінген тұрғын өз ризашылығын білдірді.
Оқиға кезінде бөлімнің ювеналдық полиция тобының инспекторлары жедел әрекет етіп, жоғалып кеткен баланы қысқа уақыт ішінде тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды. Инспекторлар барлық қажетті іс-қимылды дер кезінде орындап, қауіпсіздікті бірінші орынға қойды.
Тұрғын полиция қызметкерлерінің кәсібилігі, жылдам әрекеті мен жан-жақты қолдауы үшін шынайы алғысын жеткізді. Бұл оқиға полицияның қоғамдағы сенімділігін және әр азаматтың қауіпсіздігіне жауапкершілігін тағы бір мәрте көрсетті.
Полиция тұрғындарға кез келген төтенше жағдайда 102 жедел желісіне хабарласуды, құқық қорғау органдарының көмегіне сенуге болатынын ескертеді.
🙏 Қауіпсіздік – әрқайсымыздың қолымызда!
https://www.instagram.com/reel/DWW8ohYitnN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1189035?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау