Қазақстан мен Моңғолия өзара еңбек өтілінің өзара есебін және зейнетақылардың «экспортын» іске қосады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі зейнетақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін келісім жасасты.

 Келісім азаматтық тұлғаларға зейнетақы төлемдерін тағайындау бөлігінде қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді.

Ынтымақты зейнетақы саласында-бұл еңбек өтілін өзара есепке алу, сондай-ақ әскери қызмет және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және арнаулы орта білім беру ұйымдарында оқу кезеңдерін еңбек өтілінде есепке алу.

Келісімде сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделеді.

Мәлімет үшін хабарлаймыз, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын еңбек өтілі туралы құжаттарды ұсынған кезде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгерту («Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 бұйрығы) Қағидаларға 22 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күннен бастап жүргізілген арттыруларды ескере отырып тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Келісімнің арқасында екі ел азаматтарының құқықтық сенімділігі мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін өтіл мен трансшекаралық зейнетақы төлемдерін жинақтаудың ашық тетігі енгізіледі. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1188059?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version