🔹ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Мәжіліс депутаттары, нотариаттық қоғамдастық және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Нотариаттық іс-қимылдардың заңдылығын қамтамасыз ету және нотариат қызметін цифрландыру» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді.
Іс-шараға Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов, құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Е.Исакова, сондай-ақ Маңғыстау облысы аумақтық нотариаттық палатасының төрағасы С.Д.Шегемов онлайн форматта қатысты.
Отырыс барысында нотариаттық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, заңдылықты қамтамасыз ету, жауапкершілік пен бақылау тетіктерін күшейту, сондай-ақ нотариатты цифрландыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заңнаманы жетілдіру мен цифрлық құралдарды дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1188006?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау