Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында жаңа қызметкер мемлекеттік ант қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында жаңа мемлекеттік қызметші салтанатты түрде ант қабылдады.

Жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің бас маманы Аяжан Базаралина 2025 жылы «Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2025 жылғы 28 қазаннан бастап аталған лауазымда еңбек етуде.

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдады.

Басқарма басшысы Әнуар Бейсенов жас маманды құттықтап, мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап ететін маңызды сала екенін атап өтті. Сондай-ақ халыққа сапалы қызмет көрсетіп, кәсіби біліктілігін үнемі арттыру қажеттігін жеткізді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agz/press/news/details/1188304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version