Сайлауалды бағдарлама аясында инфрақұрылым мәселелері қаралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Сырдария аудандық мәслихатының «Қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы, жөніндегі» және «Білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі» тұрақты комиссияларының 2026 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, І-тоқсанға жоспарланған бірлескен отырысы өтті.

         Күн тәртібіне сәйкес: «AMANAT» партиясының Сырдария ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы бойынша атқарылған іс-шаралар. Оның ішінде ауданның инфрақұрылымын жақсарту бойынша мәселесі қаралып, талқыланды.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына мәслихат депутаттары, Тереңөзек кентінің әкімі Бисембаев Нұржан Пермебайұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әкбаров Ғалым Нәуретұлы, аудандық тұрғын-үй коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжанұлы Мейірхан, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аймаханов Сәбит Ерғалиұлы, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатыстырылды.

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Баяндамашылар күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат берді.

Депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Комиссиялардың бірлескен отырысына төрағалық етуші Дархан Жұмашұлы отырысты қорытындылай келе: «AMANAT» партиясының Сырдария ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы бойынша атқарылған іс-шаралар. Оның ішінде ауданның инфрақұрылымын жақсарту мәселесіне арналған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысымызда – күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудан бойынша атқарылған іс-шараларды, атқарылатын жұмыстар барысымен танысып, жан-жақты талқыладық деп есептеймін. Алда осы мәселе бойынша бақылауды одан әрі күшейтіп, жол карта аясында жоспарлы жұмыстарды уақытылы, мүмкіндік болса мерзімінен бұрын сапалы орындау міндеті тұрғанын естен шығармауымыз керек» – деді.

Сонымен қатар, отырыс барысында депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды назарға алу ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-syrdarya/press/news/details/1188643?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version