Көкшетау қаласының полиция басқармасында шетелде жұмысқа орналасу бойынша қызмет көрсетумен байланысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Сотқа дейінгі тергеу барысында Көкшетау қаласының тұрғыны 2023 жылдан бастап 2026 жылдың қаңтарына дейін “Instagram” әлеуметтік желісі арқылы азаматтарға Ұлыбританияның Біріккен Корольдігіне жұмысқа орналасу бойынша ақылы қызметтер ұсынғаны анықталды. Күдікті визаны ресімдеу, медициналық сақтандыру, биометриялық ресімдерден және басқа да ілеспе қызметтерден өту сылтауымен азаматтардан ақшалай қаражат алған.
Алайда, іс жүзінде ешқандай жұмыспен қамту шаралары қабылданбаған. Ақша банктік аударымдар арқылы да, қолма-қол ақша түрінде де берілген.
Бүгінгі таңда 80-ге жуық адам жәбірленуші ретінде танылды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңгені құрайды. Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы сайланды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды шетелде жұмыс іздеу кезінде қырағы болуға және алаяқтықтың келесі белгілеріне назар аударуға шақырады:
– “кепілдендірілген” жұмысқа орналасу үшін толық немесе қомақты алдын ала төлем талап ету;
– делдалда ресми тіркеудің және лицензияның болмауы;
– ресми органдардың қатысуынсыз “делдал арқылы” виза немесе өзге де құжаттарды ресімдеу туралы ұсыныс;
– тек әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы келіссөздер жүргізу;
– шешім қабылдау мен қызметтерге ақы төлеудің өзектілігіне қысым жасау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1189020?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау