Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің делегациясы құрамында тарих ғылымдарының кандидаты Е. Рахматулина, магистрлер Г. Кашаку және А. Карчалова «Қазіргі әлемдегі түркітану: даму үрдістері мен трендтері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған конференция 24–25 наурыз күндері Алтай мемлекеттік университеті жанындағы «Үлкен Алтай» ғылыми-білім беру орталығында өтті. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 100-ге жуық қатысушы жиналды.
Конференция барысында түркітанудың даму мәселелері, мәдени мұраны сақтау және пәнаралық зерттеулердің өзекті бағыттары қарастырылды. Іс-шара тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болды. Конференция қорытындысы бойынша РҒДИ-да индекстелетін «Шығыстану зерттеулері» сериясында ғылыми мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.
Конференцияға қатысу кәсіби байланыстарды кеңейтуге және музей қызметін дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1188696?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау