Ақтау қаласында көлік инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталық көшелердегі жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша шаһардың бірқатар маңызды учаскелерінде шұңқырлы жөндеу жұмыстары қарқынды түрде атқарылып жатыр.
Атап айтқанда, жол жөндеу жұмыстары 16 шағын аудан «Инара» тұрғын үй кешені маңындағы жол қиылысын, 31а шағын аудан «Prestige» сауда үйіне кіреберіс жолды, сондай-ақ 14-шағын ауданда орналасқан облыстық әкімдік ғимаратынан Шотан батыр ескерткішіне дейінгі аралықтағы автомобиль жолдарын қамтиды.
Бүгінгі күнге дейін жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалпы ауданы 1350 шаршы метрді құрайтын асфальт жабындысы төселді. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға 10 жол жұмысшысы тартылып, 3 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жолдардың техникалық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі әрі жоспарлы түрде жалғастырады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1188892?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау