Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімовтың төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, делдалдық тізбектерді қысқарту және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ жауапты мекемелерге баға мониторингін күшейту және тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1188301?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау