Смағұл Ысқақов атындағы көпбейінді инновациялық жоғары колледжі студенттерімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 26 наурызында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары Смағұл Ысқақов атындағы көпбейінді инновациялық жоғары колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Аталған шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Сактаганова Лаззат Анесовна және Қызылорда облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Алибекова Айнур Махамбетовна қатысты. Кездесу барысында мамандар Әділет органдарының құзыретіне кіретін қызмет бағыттары туралы айтып, қолданыстағы заңнамаға қатысты құқықтық түсіндірмелер берді. Сонымен қатар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті кеңестер ұсынылды. Шара соңында жасанды интеллектке негізделген чат-бот қосымшасының тиімді пайдалану жолдары түсіндіріліп, қатысушыларға арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1187992?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version