Софья Самоделкина әлем чемпионатында екінші мәрте өнер көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәнерлеп сырғанаудан Чехия астанасы Прагада әйелдер арасындағы жүлдегерлер анықталды. Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, 187.53 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады.

Софья 2025 жылы Бостондағы жаһандық додада дебют жасап, 14-орын алған болатын.

Ал чемпиондық атақ өзінің спорттық мансабында соңғы мәрте мұз айдынында сырғанаған Каори Сакамотоға бұйырып, 4 дүркін әлем чемпионы атанды.

Жүлдегерлер:

1-орын. Каори Сакамото (Жапония) – 238.28 ұпай
2-орын. Монэ Чиба (Жапония) – 228.47 ұпай
3-орын. Нина Пиндзарроне (Бельгия) – 215.20 ұпай

12-орын. Софья Самоделкина – 187.53 ұпай

Айта кетейік, әлем чемпионатының тарихында әйелдер арасында 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева алғаш рет төрттік сальхов секірісін орындап, күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1189072?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version