«Таза Қазақстан» акциясы аясында 200-ден астам ақтөбелік жас сенбілікке шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қала тазалығына мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ волонтерлер белсенді түрде қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтірді.

Қаланы аралау барысында облыс әкімі Асхат Шахаров Тургенев көшесіндегі теміржол бойын тазалап жатқан волонтерлермен кездесті. Ол жастармен әңгімелесіп, олардың туған қаласына деген жанашырлығы жоғары екенін алға тартты. Оның айтуынша, бұл – жас буынның жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді.

«Сіздер өз қатарластарыңызға жақсы үлгі көрсетіп жүрсіздер. Қоғам өміріне белсенді араласып, бейжай қарамау маңызды. Тек бірлесіп әрекет еткенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізіп, қаламыз бен өңірімізді көркейте аламыз», – деді Асхат Шахаров еріктілерге.

Өңір басшысы аймақта белсенді, бастамашыл жастардың бар екенін, олардың туған қаласы үшін еңбек етуге дайын екенін атап өтіп, мұндай азаматтардың саны арта беруі маңызды екенін жеткізді.

Одан кейін Асхат Шахаров Қарғалы тұрғын алабына барды. Сапура Матенқызы көшесінде сенбілік барысында еріктілер мен мекеме қызметкерлері аумақты қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Облыс әкімі жастардың белсенділігі мен ортақ іске қосқан үлесін жоғары бағалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1189054?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version