«Тазару күні» аясында еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды экологиялық акция бастау алып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашты.
Алмалы ауданында сенбіліктің негізгі орталықтарының бірі ретінде – Махатма Ганди атындағы саябақ таңдалды.
Мұнда көктемгі тазалық пен абаттандыру жұмыстарына 170 адам жұмылып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Бұл игі бастамадан аудан тұрғындары, коммуналдық қызмет мамандары мен әкім аппаратының қызметкерлері шет қалмай, белсенді түрде атсалысты. Әсіресе, жастардың жігері мен белсенділігі ерекше қуантады – жастар қауымдастығынан 80-ге жуық жас, акцияға көтеріңкі көңіл күймен қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын айқын көрсетті.
Мұндай шаралар тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтады. Ол көршілерді жақындастырып, туған жерге деген жанашырлық пен қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады. Бұл – баршамызға ортақ үйімізге деген шынайы қамқорлықтың айқын көрінісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1188976?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау