Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін жаңару мен тазалықтың символына айналған 23 наурыз – Тазару күні. Бұл күн тек табиғатты ғана емес, адамның ішкі жан дүниесін, қоршаған ортасын ретке келтіруге үндейтін ерекше мереке. Осы игі дәстүрден шет қалмай, Абай облысының полицейлері де өз мекемелерінің аумағында ауқымды тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.
Тазару күні – жаңару мен серпілістің бастауы. Полицейлер үшін бұл күн тек тазалық жүргізу ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты нығайтып, бірлікті арттырудың мүмкіндігі болды. Бір мақсатқа жұмылған қызметкерлердің ынтымағы ерекше сезіліп, әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосты.
Осындай игі бастамалар қоғамға үлгі болып, әрбір азаматты қоршаған ортаны аялауға, тазалықты сақтауға шақырады. Өйткені тазалық – мәдениеттің айнасы, ал тәртіп – елдің тірегі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1187158?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау