Түпқараған ауданында интернет-алаяқтыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түпқараған ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында адам көп шоғырланатын орындар мен сауда дүкендерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз нөмірлерге жеке мәліметтер мен банк картасының деректерін бермеу керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтарға алаяқтардың арбауына түспеу үшін сақ болу қажеттігі айтылып, арнайы жаднамалар таратылды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды күмәнді жағдайларда бірден полиция органдарына хабарлауға шақырды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DWG1P_nCdMm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1188863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version