ТҮРКІСТАН: «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ШАРДАРА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ МАҢЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысында республикалық «TazaLIKE» экофестивалі жалғасын табуда. Тазалық шарасы барысында елді мекендер қоқыстан тазартылып, бұлақтардың көздері ашылып, айналасы абаттандырылуда. Бұл шаралар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысы Шардара ауданында ұйымдастырылған «TazaLIKE» экофестивалі аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы Сырдария өзенінің жағалауында өз жалғасын тапты. Экологиялық шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсене қатысты. Жалпы 500-ден астам адам жұмылып, табиғатты қорғау және тазалық жұмыстарына атсалысты.
Шара барысында 2 техника тіркемесінің көмегімен Сырдария жағалауынан жиналған 6 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және туған жердің тазалығына әр азаматтың жауапкершілігін арттыру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1187954?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version