ТҮРКІСТАН: САУРАНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 13 ШАҚЫРЫМ БҰЛАҚ ЖӘНЕ ӨЗЕН АРНАЛАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауылдық округінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Игі шара бұлақ көздерін сақтау, олардың санитарлық жағдайын жақсарту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.
Аталған ауылдық округ аумағында 4 бұлақ бар. Акция аясындағы негізгі жұмыстар «Ұзын бұлақ» бұлағының бойында жүргізілді. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров және ақсақалдар алқасының төрағасы Бердалы Баймұрадов қатысушылар алдында сөз сөйлеп, табиғи су көздерін қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Акцияға қатысушылардың белсенділігіне ризашылық білдірілді.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, белсенді жастар, ауыл тұрғындары және спортшылар қатысып, белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жалпы 13 шақырымға жуық бұлақ арналары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Көгалдандыру жұмыстары жүзеге асырылып, ағаш көшеттері отырғызылды.
Экологиялық акция ауданның басқа да ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Атап айтқанда, Оранғай ауылдық округіне қарасты Бастандық елді мекенінде орналасқан 5 бұлақтың аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Майдантал ауылдық округінің Қаражон елді мекеніндегі «Құсшы» бұлағы аумағында да абаттандырылды. Сонымен қатар Жаңа Иқан ауылында орналасқан «Суық бұлақ» аумағында 5 шақырым, «Самандар» аумағында 3 шақырым жер тазалық жұмыстарымен қамтылды. Бұл жұмыстар бұлақ көздерінің айналасын ретке келтірумен қатар, олардың табиғи ағысын қалпына келтіруге бағытталды. Экологиялық акцияға барлығы 258 адам қатысып, 20 арнайы техника жұмылдырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1187981?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version