Ұлттық спорт – ұрпақ рухының өзегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық спорт – ұрпақ рухының өзегі

Наурызнама – жаңару мен жаңғырудың жарқын жаршысы. Осы игі бастама аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды шаралардың бірі – «Ұлттық спорт түрлері» тақырыбындағы облыстық семинар болды. Маңызды басқосу Инновациялық шығармашылық орталығы «Алтын сақа» базасында ұйымдастырылып, мазмұнды әрі мәнді өтуімен ерекшеленді.

Семинардың басты мақсаты – дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау және оларды білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдарын қарастыру. Бұл бағытта тәжірибе алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылған іс-шара қатысушыларға тың серпін берді.

Жиын барысында ұстаздар асық ату, бес асық сынды халқымыздың төл ойындарын оқытудың заманауи әдістемелерімен танысып, олардың тәрбиелік әрі дамытушылық мүмкіндіктеріне терең үңілді. Теория мен тәжірибе ұштасқан семинарда ұлттық спорт түрлері бойынша сабақтарды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері ұсынылып, практикалық сабақтар арқылы нақты дағдылар қалыптастырылды.

Ұлттық мұраны ұлықтау – ұрпақ санасына рухани негіз қалау. Осы орайда дене шынықтыру сабағы арқылы ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дамыту мәселелері ерекше назарға алынды. Әрбір ұсынылған әдіс, әрбір көрсетілген үлгі – болашаққа бағытталған құнды қадам екені анық сезілді.

Семинар соңында қатысушылар оның өзектілігін, практикалық маңыздылығын және жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті. Мұндай мазмұнды кездесулер кәсіби қауымдастықтың дамуына серпін беріп қана қоймай, жастардың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Ұлттық рухты ұлықтаған осындай шаралар – өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір, болашаққа бағытталған нық қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1188693?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version