Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 18 наурызда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорнында жазатайым оқиға орын алғанын хабарлайды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, механикалық цехтың қызметкері жұмыс барысында құралдың тайып кетуіне байланысты тепе-теңдігін жоғалтып, жарақат алған.
Қазіргі уақытта Департамент тарапынан комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау бойынша тергеп-тексеру басталды.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар қабылданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-enbek/press/news/details/1188204?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау