Вашингтон, Колумбия аумағы, 2026 жылғы 26 наурыз – Смитсон институтының Азия өнері ұлттық мұражайында көктемгі жаңаруды білдіретін, бірлік пен жаңа өмірлік кезеңнің басталуын сипаттайтын көне мереке Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараны Орталық Азия елдерінің дипломатиялық миссиялары бірлесіп ұйымдастырып, ол мәдени диалогты дамытуға және қоғамдық дипломатияны ілгерілетуге арналған алаңға айналды.
Бағдарлама аясында Қазақстан ұлттық тағамдар арқылы халықтың бай мәдени мұрасын таныстырды. Қонақтарға мерекелік дастарханның негізгі дәмдері, оның ішінде Наурыз көже, бауырсақ, жент және ірімшік ұсынылды. Бұл тағамдар елдің ғасырлар бойы қалыптасқан аспаздық дәстүрлерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Қонақтардың ерекше назарын дәстүрлі қазақ киіз үйінің инсталляциясы аударды. Ол қонақтарға көшпелі мәдениет пен тұрмыс ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, көрмеде қазақ өнерінің туындылары, соның ішінде қолөнер бұйымдары мен ұлттық әшекейлер ұсынылды.
Іс-шара қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп көру мүмкіндігіне ие болды. Бұл олардың мәдени ортаға тереңірек енуіне ықпал етіп, кең аудиторияның зор қызығушылығын тудырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1188990?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау