«УИКИПЕДИЯҒА МАҚАЛА ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ АЛГОРИТМДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«УИКИПЕДИЯҒА МАҚАЛА ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ АЛГОРИТМДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2026 жылғы 26 наурыз күні Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Аталған іс-шараға тіл саласының мамандары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Алдашұлы Рахымжанов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, постдокторант Ақмарал Қалиярбекқызы Дауткулова және қазақ тілді уикипедиашылар қауымдастығының мүшесі, уикипедиашы Музаффар Тургунов баяндама жасап, қатысушыларға Уикипедия платформасына мақала енгізудің негізгі қадамдарын тәжірибелік тұрғыда түсіндірді.

Іс-шара барысында қатысушылар цифрлық сауаттылықты арттыру, қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту және ашық білім кеңістігін дамыту бағытында маңызды ақпараттар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1188555?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version