«ЗАРЕЧНОЕ» БК АҚ-НЫҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданына қарасты Көксарай ауылдық округінде орналасқан «Заречное» БК АҚ-ның 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиын еліміздің атом өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан кәсіпорынның мерейлі белесін атап өтуге арналды. Шара аясында сала ардагерлері мен еңбек озаттары бас қосып, компанияның қалыптасу кезеңдері мен жетістіктері кеңінен сөз болды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов арнайы қатысып, кәсіпорын ұжымын 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі «Заречное» БК АҚ-ның өңір экономикасын дамытудағы маңызын атап өтіп, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі – ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіміне оң ықпал етіп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, компанияның өндірістік көрсеткіштерімен қатар, әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы жұмыстары да жоғары бағаланды.
Өз кезегінде компания өкілдері де өңірмен әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Іс-шара барысында кәсіпорынның тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерейтой иелері мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл жиын көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара соңында 25 жылдық мерейтой аясында арнайы көшет отырғызу рәсімі өтіп, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, «Заречное» БК АҚ – еліміздің уран өндіру саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компания ширек ғасыр ішінде өндірістік қуатын арттырып қана қоймай, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға да елеулі үлес қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1187958?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version