Жылы кезеңінің келуімен көміртек тотығынан (улы газдан) улану қаупі сақталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылы күндерінің басталуына қарамастан, жеке сектор тұрғындары пешпен жылыту жүйесін пайдалануды жалғастыруда. Алайда дәл осы кезеңде көміртек тотығынан улану қаупі өте жоғары болып қала бермек.

ТЖД мәліметтері бойынша, жылыту маусымы басталғалы бері көміртек тотығынан уланудың 19 жағдайы тіркелген, оның ішінде 6 жағдай өліммен аяқталған. Зардап шеккендердің қатарында кей жағдайларда балалар мен тұтас отбасылар тіркеледі.

ТЖД қызметкерлері жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде 12 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Негізінен бұл – түтін мұржаларының ақаулы және бітеліп қалуы, пештердің жарылуы, сондай-ақ жапқыштарды (шиберді) мерзімінен бұрын жабу.

Көміртек тотығының ең қауіптілігі – оның түсі де, иісі де жоқ. Ол адамға тез әрі байқатпай әсер етіп, қауіпті дер кезінде сезінуге мүмкіндік бермейді.

Мамандардың айтуынша, маусымаралық кезеңде азаматтардың сақтығы төмендеп, пешті пайдалану қағидаларына деген бақылау әлсірейді. Бұл көбіне қайғылы жағдайларға әкеледі.

ТЖД қатаң түрде ескертеді:

∙ отын толық жанып біткенше пештің жапқышын жаппаңыз

∙ түтін мұржаларын үнемі тазалап, тексеріп отырыңыз

∙ пешті қараусыз қалдырмаңыз

∙ таза ауаның келуін қамтамасыз етіңіз

∙ көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатыңыз

Осы ережелердің әрқайсысы – өмірді сақтап қалудың нақты мүмкіндігі.

Көміртек тотығы қателікті кешірмейді. Тіпті бір ғана салғырттық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1189050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version