Ақтөбелік спортшы спорттық жүрістен Қазақстан чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

26–29 наурыз аралығында Алматы қаласында спорттық жүрістен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Аталған жарыста Ақтөбе облысының жас спортшысы Аиша Жургентаева жоғары нәтиже көрсетіп, ел чемпионы атанды. Ол 5 шақырым қашықтықта U-18 жас санатында сынға түсіп, бірінші орынды иеленді.

Аиша Жургентаева — Хромтау қаласындағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы. Жеңіс — өңір спорты үшін маңызды жетістік. Айта кету керек, спорттық жүрістен Қазақстан чемпиондығы Ақтөбе облысында соңғы 8 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.

Спортшыны жарысқа жаттықтырушылары Нұрлан Құрманғазин, Руслан Құрманғазин және Регина Штолинская шынықтырды.

Бұл нәтиже – Президенттің бұқаралық спортты дамыту және жас спортшыларды қолдау туралы тапсырмасымен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нақты көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1189119?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version