Халықаралық «Жер сағаты» акциясы аясында 28 наурыз күні кешкі сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін әлем бойынша мыңдаған ғимараттар мен нысандардың жарығы өшірілді.
Елордада да бұл бастамаға ондаған ұйым атсалысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Дәстүрлі «Жер сағаты» экологиялық акциясы биыл да 28 наурыз күні бүкіл әлемде өтті. Бұл – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық шара. Оған әлемнің 175-тен астам елінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Осы уақытта миллиондаған адам бір сағатқа жарық пен электр құрылғыларын өшірсе, мыңдаған сәулет нысаны сыртқы жарықтандыруын сөндіреді.
Биыл Астанада «Жер сағаты» акциясы «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында өтті.
Елордада акцияға қатысқан нысандар:
1. Астана қаласының әкімдігі (Бейбітшілік көшесі, 11);
2. Әкімшілік ғимарат (Бейбітшілік көшесі, 9);
3. Мемлекеттік басқару академиясы (Абай көшесі, 33а);
4. Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония (Кенесары көшесі, 32);
5. Сарыарқа ауданының әкімдігі;
6. «Арман» тұрғын үй кешені (Жеңіс даңғылы, 1);
7. «Radisson Hotel Astana» (Сарыарқа даңғылы, 4);
8. «Riverside Apartments» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 8);
9. «Park Inn by Radisson» қонақ үйі (Сарыарқа даңғылы, 8а);
10. «Симфония» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 1);
11. «Сана» тұрғын үй кешені (Шевченко көшесі, 8/1);
12. «Болашақ» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 3);
13. «Эдель» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5);
14. «Эдель-1» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5/1);
15. «Кенесары» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 11);
16. «Capital» бизнес орталығы (Сарыарқа даңғылы, 12);
17. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 14);
18. №15 мектеп-лицей (Сарыарқа даңғылы, 20);
19. «Асату» мейрамханасы (Сарыарқа даңғылы, 22);
20. «Іскер» бизнес орталығы (Абай көшесі, 13);
21. «Бурлин» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 15);
22. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 17);
23. Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 19);
24. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Сарыарқа даңғылы, 38);
25. Жатақхана (Сарыарқа даңғылы, 42);
26. «Свечки» тұрғын үй кешені (Бөгенбай батыр көшесі, 30, 32);
27. Сейфуллин көшесіндегі 10 нысан;
28. Қосшығұлұлы көшесіндегі 10 нысан;
29. Есіл өзенінің жағалауындағы 27 нысан;
30. Мәңгілік ел даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің сәндік жарығын өшіру;
31. «Бәйтерек» монументі;
32. «Астана Арена» стадионы (Тұран даңғылы, 48);
33. «Алау» мұз сарайы (Қабанбай батыр даңғылы, 48);
34. «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы (Тұран даңғылы, 57);
35. «ҚазМұнайГаз» АҚ (Қабанбай батыр даңғылы, 36);
36. Тәуелсіздік даңғылы, 48;
37. Тәуелсіздік даңғылы, 50;
38. Тәуелсіздік даңғылы, 52;
39. Тәуелсіздік даңғылы, 54;
40. «Қазақ елі» алаңы;
41. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі;
42. «Әзірет Сұлтан» мешіті;
43. Тәуелсіздік сарайы;
44. Бейбітшілік және келісім сарайы;
45. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті;
46. Достық үйі;
47. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы;
48. «Толқын» спорт кешені;
49. Теміржолшылар тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
50. Кенесары көшесі бойындағы үйлер (42, 44, 46, 51, 52, 65, 69).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1189082?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау