ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комиссия отырысында азаматтардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын сақтау және қамтамасыз ету бойынша Әділет министрлігінің қызметі қаралды.

Өз сөзінде Министр Қазақстан Республикасы Конституциясында алғаш рет зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бекітілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының III республикалық форумында зияткерлік меншікті қорғауды Конституция деңгейінде бекіту креативті экономиканы және инновациялық белсенділікті дамытуға жаңа серпін беретінін атап өткен болатын.

Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау әділет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Министрлік тарапынан заңнаманы жетілдіру, цифрлық сервистерді дамыту және құқық қолдану тәжірибесінің тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Комиссия төрағасы Игорь Рогов цифрландыру дәуірінде мемлекеттік органдардың азаматтардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының тиімділігі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар адам құқықтарының сақталуының маңызды көрсеткіші екенін мәлімдеді.

Комиссия мүшелері зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша Әділет министрлігінің жұмысына оң баға беріп, аумақтық әділет органдарының белсенді рөліне тоқталып өтті.

Қазіргі жағдайда зияткерлік меншікке адам құқықтары экономиканың дамуы үшін маңызды мәнге ие, өйткені олар инновациялар мен технологиялардың дамуымен байланысты. Осыған байланысты зияткерлік меншікті қорғау жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың өзекті бағыты болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1189085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version