Түркістан қаласында Баянауыл өңірінен әкелінген 50 түп қарағай көшеті отырғызылды. Игі бастама өңірлер арасындағы өзара сыйластық пен табиғатқа жанашырлықтың айқын көрінісі болып табылады.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңін қамтитын «Мөлдір бұлақ» экобастамасы аясында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің саябағында арнайы әкелінген 50 түп ағаш отырғызылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы – Ерболат Темірболатұлы сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, кәсіпкер Марат Рымтайұлы Избастин және ҚР Парламенті Сенатының депутаты, профессор Алтынбек Нұхұлы бастаған делегация арнайы қатысып, Баянауыл жұртшылығының сәлемін жеткізді.
Шара барысында белсенді жастармен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау туралы сөз қозғалып, жобалар таныстырылып, арнайы тақтайшалар орнатылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1189097?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау