2026 жылғы 20 наурызда Департамент басшысы Ғалым Сұлтанович Тұрсынбаев нысанға қайта барып, құрылыс жұмыстарының орындалу барысымен жан-жақты танысты.
Нысанды аралау қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң сақтау, жұмыстарды белгіленген мерзімдерге сәйкес аяқтау, сондай-ақ объектіні қолданыстағы талаптар мен стандарттарға толық сәйкестендіре отырып жабдықтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жобаны іске асырудың белгіленген кестеден ауытқымауын қамтамасыз ету және алдағы уақытта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері ерекше бақылауға алынатыны атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1189669?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау