Ақтөбе облысында 34 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан салынуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде ауқымды құрылыс жұмыстары қарқын алып келеді. Нысандарды пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыланды.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың мәліметінше, 2025 жылы 89 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның 63-і пайдалануға берілген.

Биыл тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға облыстық бюджет пен мемлекеттік қор есебінен 32,1 млрд теңге бөлінеді.

Қазіргі таңда өңірде 34 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында мектептер, медициналық мекемелер, спорт кешендері, мәдениет және әлеуметтік қорғау ұйымдары, төтенше жағдайлар және мемлекеттік органдар нысандары бар. Жобалар – өтпелі.

Білім беру саласында мектептер, қосымша ғимараттар, оқу корпустары, қазандықтар мен спорт залдары салынуда. Денсаулық сақтау саласында Хромтау, Шалқар және Қандыағаш қалаларындағы ауруханаларды кеңейту жобалары іске асырылмақ. Сонымен қатар 150 орындық оңалту орталығы, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 300 орындық балабақша, Хромтау мен Мәртөк аудандарында өрт сөндіру деполары, Матай ауылында оқу-жаттығу базасы бой көтеруде, ал Шұбарқұдықта тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынады.

Ержан Мұздыбаев 700 орындық драма театры, 35 мың орындық футбол стадионы және 5 мың көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысына ерекше назар аударды. Бұл жобалар өңірде спорт пен мәдениетті дамытуға серпін беретін маңызды орталықтарға айналмақ.

Облыс әкімі барлық жобалардың іске асырылуын күшейтіп, 2026 жылға жоспарланған нысандарды уақытылы әрі сапалы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бүгінде жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан бақылау қатаң әрі жүйелі болуы тиіс», – деп атап өтті өңір басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1189909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version