Ақтөбеде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту қарқын алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

️Ақтөбеде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту қарқын алады

📈Өңірде 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында жылу, электр, су құбыры желілері мен су бұру жүйелері кешенді түрде жаңғыртылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Дүйсен мәлімдеді. Департамент басшысының айтуынша, атқарылатын шаралар апаттылықты азайтып, инфрақұрылымның тозуын төмендетуге және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

🗣️«Ақтөбе облысында жобаға «Aqtobe su-energy group» АҚ, «Алға жылу» КМК, «Бадамша сервис» КМК қатысуда. Олар, 9,53 млрд теңге («Aqtobe su-energy group» АҚ), 949,6 млн теңге («Алға жылу» КМК), 431,4 млн теңге («Бадамша сервис» КМК) көлемінде өтінімдер берді. «Энергосистема» ЖШС электр энергиясын беру қызметі бойынша 10,91 млрд.теңге сомасына өтінім беруді жоспарлап отыр. Аталған кәсіпорынның электр желілерінің тозу деңгейі 75,96%-ды құрайды» – деді спикер.

✅Жобаны тиімді іске асырудың негізгі құралдарының бірі ретінде сатып алу рәсімдерін цифрландыру қарастырылған. 2025 жылдың 3 қарашасында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды. Осылайша, барлық процестер ашық әрі бақылауға қолжетімді болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1189619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version