Астанада 200-ден астам тұрғын тегін онкоскринингтен өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында бірқатар ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар өтті.

2026 жылғы 28 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталығы» ШЖҚ МКК онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған Ашық есік күнін өткізді. Осы күні сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін елорда тұрғындары тегін профилактикалық тексеруден өтіп, мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Қабылдауды әртүрлі бейіндегі дәрігерлер жүргізді: онкохирургтер, гинекологтар, онкоурологтар, ультрадыбыстық диагностика мамандары, цитологтар және зертхана қызметкерлері.

Акция аясында барлығы 214 адам қабылданды.

Оның ішінде: бүйрек обырының алдын алу бойынша – 60 адам,

жатыр мойны обырын ерте анықтау бойынша – 109 әйел,

колоректальды обыр бойынша – 45 адам.

Тексеру барысында тұрғындар мамандардан кеңес алып, қосымша тексерулерге ұсыныстар алды, сондай-ақ қажетті диагностикалық процедурадан өтті. Барлығы 104 ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, 100 онкоцитологияға жағынды алынды.

Қорытынды бойынша 4 қатерлі ісікке күдік анықталды (оның ішінде бауыр, ұйқы безі және бүйрек обыры), 9 ісік алды жағдайы және 47 өзге де ауру тіркелді.

Қаланың  штаттан тыс бас онкологы Мұхтар Төлеутаев онкологиялық ауруларды ерте анықтау дертті бастапқы кезеңде анықтауға және емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұндай профилактикалық іс-шаралар халық денсаулығын сақтауда және онкологиялық сақтықты арттыруда маңызды рөл атқарады.

Пациенттер қабылдауға ризашылықтарын білдіріп, дәрігерлерге қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1189774?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version