Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Деректанудың өзекті мәселелері: анықтау, талдау және ғылыми айналымға енгізу» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараға жас зерттеушілер, сала мамандары мен студенттер қатысты.
Семинар барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты жазба деректерді анықтау, оларды ғылыми тұрғыдан талдау, сондай-ақ зерттеудің заманауи әдістері кеңінен сөз болды. Қатысушылар деректанудың ұлттық тарихты зерделеу мен жүйелеудегі айрықша маңызын атап өтті.
Сонымен қатар семинар аясында жоғары оқу орындарында тарихи деректерді оқыту, архив материалдарымен жұмыс істеудің ерекшеліктері және түпнұсқа дереккөздерді пайдалану арқылы зерттеушілік дағдыларды дамыту мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылды. Сондай-ақ деректанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы мен қазақ халқының ауызша тарихына қатысты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1190106?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау