Байғанин ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында маңызды іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» атты құқықтық көмек көрсету іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың сұрақтарына нақты әрі толық жауаптар берілді. Атап айтқанда, еңбек қатынастары, жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар және өзге де құқықтық бағыттар бойынша тиісті кеңестер ұсынылды.

Сонымен қатар, тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың негізгі кепілі екендігі ерекше атап өтілді.

Аталған бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқықтық мәдениетін арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1189815?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version